Күн болып сынап ем ерідім – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Күн болып сынап ем ерідім» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күн болып сынап ем ерідім,
Көгіме шығарды Сені кім?
Ай болып сынап ем алдандым,
Жүзімді жасырып қармандың.
Нөсер боп төгілдім бір демде,
Ақ бұлттай арыңды көрдім де.
Сезім боп сын айтқым келмеді,
Сендіріп жүрген соң Сен мені.
Жүрек боп жүрмін ғой дүрсілдеп,
Жаураса жылынып жүрсін деп.
Хат болып көзіңе асықтым,
Сен болсаң жауапсыз жасыттың.
...Түн болып сынап ем түнердім,
Мен саған жай ғана біреумін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері