Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын
- 0
- 0
Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын,
Сөйлей-сөйлей ой қазып, шешен болып барамын.
Қолымда ешбір билік жоқ, өмірдегі ушыққан,
Ем боламын жырымм...
Бұл бетте «Ана тілі» атты Аянат Сәби жазған тіл туралы өлең берілген.
Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын,
Сөйлей-сөйлей ой қазып, шешен болып барамын.
Қолымда ешбір билік жоқ, өмірдегі ушыққан,
Ем боламын жырымм...
Асау арман, дегеніңе көнбейді,
Жүрген сайын, жүрісің бір өнбейді.
Ана жерге ораласың қайтадан,
Аспанға ұшып кетсең дағы сен мейлі.
Туған жерім – бар менің, барасың ба?
Баламас ел баласын дара шыңға.
Аяулымның ізі бар, аяғымның,
Қосағаш пен Қасқажол арасында.
Бұған дейін шыдадым, шыдап кеппін,
Жұлдызынан күн жасап құрап көктің.
Білесің бе, ей дүние! Мен өзіңнен,
Жылап келіп, келмейді жылап кеткім.
Түсіне алмай, ауырады сау жаным,
Күйіп тұрған тірлігіне сауданың.
Гүрілдеген жол шуының ішінен,
Гүлге ғашық бұлбұл дауысын ауладым...
Ай көзінен қарашы, жас тамады,
Адамзатқа құпия аспан әлі.
Менің көңіл күйімді, тағдырымды,
Планеталар одағы басқарады.
Анетта
Күшті ұнады
Изенов Серик
Автор кым
Изенов Серик
Автор жазасыз ба
Aua
Изенов Серік Өзіммін.
Aua
Атым-Сәби Аянат жаңа ғана қостым ілмекке...
Aua
Егер де өлеңдерімде сөздері ұйқаспай, дұрыс емес болып жатса ренжімеңіздер.Жасым 11 де.Сондықтан қателесуім мүмкін.
Дана
Сайысқа 14 жастан ғой
Модератор
Баптауға кіріп есімді жазуға болады.
Aua
Модератор, кешіріңіз баптау қай жерде екенін айтып жібере аласыз ба?!
Әлия
Керемет өлең 11 жастағы бала жазды дегенге сене қоймайсың Жарайсың
Әлия
тамаша