Бұған дейін шыдадым, шыдап кеппін – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бұған дейін шыдадым, шыдап кеппін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1389
Бұған дейін шыдадым, шыдап кеппін,
Жұлдызынан күн жасап құрап көктің.
Білесің бе, ей дүние! Мен өзіңнен,
Жылап келіп, келмейді жылап кеткім.
Жұлдызымын, мен де бір тұнық көктің,
Тұнықта ойнап, кеудеге үмітті ектім.
Жылап келсем, ең алғаш дүниеге,
Дүниеден сол келеді күліп кеткім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері