Өлең, жыр, ақындар

Кең мекен

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5528
Қазақстан – кең елім, кең мекенім,
Қиялымды көгіңде тербетемін.
Масаттана әлемге мақтан етем,
Жасампазы жандардың сенде екенін.
Торлап жатқан бойлық пен ендігіңді –
Менделеев кестесі сен бүгінгі.
Түгел сиып кетердей Еуропа,
Теңер болсам керемет кеңдігіңді.
Түстігіңнен ұшқан құс терістікке,
Талып түскен жете алмай кеңістікке.
Мал мыңғырған белеңде өріс бітсе,
Ұласады аржағы егістікке.
Осыншама жерді елім иемденген,
Жауларына кезі жоқ сүйем берген.
Қонағына жайып бар жомарттығын,
Қайтарында сияпат-сый өңгерген.
Осыншама жерде елім көшіп-қонған,
Тербетілген түйе үсті бесік болған.
Адал еңбек, маңдай тер несіп болған,
Сол арқылы мерейі өсіп-толған.
Осыншама жерде елім қуатты үнмен,
Бірін-бірі түсінген бір-ақ тілмен.
Бірлік пенен тірлікті тірек етіп,
Еркіндігін паш еткен шуақ күнмен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болаттың әдеті

  • 0
  • 0

Ауылға келсе атты адам,
Тұп-тура соған беттейді.
Сол үшін ұзап қақпадан,
Сол үшін Болат кетпейді.

Толық

Келші маған

  • 0
  • 0

Көктем самалы
Беттен шамалы
Жайлап желпісе бір болғаны:
Сенің күнің боп,

Толық

Шапан мен шампан

  • 0
  • 0

Қоймада ілулі Шапан тұрды,
Төменгі жәшікте Шампан тұрды.
Той иесі тойға қамданып,
Алынған заттар еді таңдалып.

Толық

Қарап көріңіз