Өлең, жыр, ақындар

Жер - анаңмын

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Асау арман, дегеніңе көнбейді,
Жүрген сайын, жүрісің бір өнбейді.
Ана жерге ораласың қайтадан,
Аспанға ұшып кетсең дағы сен мейлі.
От көңілге бүтін сезім, жарты ақыл,
Ой салғандай, өмір деген қарт ақын.
Мына әлемде өлшем жетпес бір күш бар,
Бәрін-бәрін жерге қарай тартатын.
Кімге өкпелеп, кек аламын, кімге ұрсып,
Дірілдейді, кірпікке іліп гүл бір шық.
Мына өмірге туып алып өзімнен –
Өзіме үкім жүргізесің, білгірсіп...
Айғай-шумен, бұзба тұнық ауаны,
Сұрауыңа дайын уақыт жауабы.
Қардың суы бу боп ұшып аспанға
Жаңбыр болып жерге қайта жауады.
Арнасына арман Арал толады,
Адам толса, қысқа өмірдің «қонағы»
Қиясына қиял-көктің ұшқан құс
Ұясына қайта айналып қонады.
Шабыт қайрақ, қайратыңды көр, жанып,
Жолға шықсаң, сілтер туған ел бағыт?
Түнгі аспанның жұлдыздары сөнерде
Жасын-оттай құлайды екен жерге ағып.
Сабаңа түс, сабырыңа кел, балам,
(Есерлікті кешірмейді енді анаң).
Ұстап тұрған бәйтеректі жібермей,
Ұқсап тұрған қара жерге, мен болам.
Жаныма нұр, жылу жетпей тоңып тұр,
Тоңған жанды үмітіне жолықтыр.
Күні бітсе, қара жерге адам да –
Құлайды екен, жапырақтай солып бір.
Өміріме бол жапырақ, бол үміт,
Көгерейін, көктеміме жолығып.
Тамырларын терең жайған ағаштай
Жер-анадан кету қиын бөлініп.
Мазаңды алмас, ақыл айтып енді анаң,
Арнаңа түс, өзіңе-өзің кел балам.
Жер анада жатқандықтан тамырың,
Қайта айналып ораласың сен маған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баспалдақ

  • 0
  • 0

Алтыда табаныма от бастым да,
Шыр еттім алғашқы ауыр соққы астында.
Тал қармап тағдырыма қарсы ұмтылдым,
Көміліп дөңбекшіген көк тасқынға.

Толық

Көктем – самал, сырымды елге жайыңдар

  • 0
  • 0

Көктем – самал, сырымды елге жайыңдар,
Көкірегімнен туған аппақ айым бар.
Билейтіндей бұраң белі солқылдап
Мен билесем деген биді қайыңдар...

Толық

Бала емізіп отыр ана

  • 0
  • 1

Бала емізіп отыр ана, ойын бөлмей басқа түк,
Бұл минуттан басқалардың көксегені бос бақыт.
Бала емізіп отыр ана, бір өмірді алға алып,
Мейірімі күн нұрындай махаббатқа жалғанып!

Толық