Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын,
Сөйлей-сөйлей ой қазып, шешен болып барамын.
Қолымда ешбір билік жоқ, өмірдегі ушыққан,
Ем боламын жырыммен, аузына қай жараның?
Күн қадірін білмеппін, аспандағы күн барда,
Қыран құнын білмеппін, көзімді алдап мың қарға.
Тағы болмай астында, бағы жанбас ақынның,
Ақыл емес адамды теңге билеп тұрғанда...
Көңілім менің соқпайды, жоқты-барды жырлауға.
Жоқты барды жырлауға көңілім менің соқпайды,
Жандырады, күйдіріп, көкірегімді көп қайғы.
Тіршіліктің салмағын көтере алмай, ауырлап,
Менің нәзік жүрегім жүрісінен тоқтайды,
Жарық дүние қас-қағым, қайта айналып соқпайды...
қайта айналып соқпайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері