Өзің жайлы ойлар болды-қорегім – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Өзің жайлы ойлар болды-қорегім» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзің жайлы ойлар болды-қорегім,
Өзің жайлы оймен өмір сүремін.
Сенің демің шаштарыма шашылған,
Көзім жұмсам кірпігіме түнедің.
Сенің демің қалып қойды денемде,
Сенің сөзің сақталады өлеңде!
Сенен кетсем дәл өзіңдей сүйсініп,
Мені бір жан шуағына бөлер ме?
Сен туралы сырлар айттым мезгілге,
Күндерімнен күдігімді үздім де.
Өзің жаққа бұрылдым да адастым,
Ақылымның алданғанын сездің бе?
Сен туралы жұлдыздар да біледі,
Жұлдыздардың жұмсақ екен жүрегі.
Сенің бір күн кетеріңді сыбырлап,
Айдағы қыз теріс қарап күледі.
Өзің жайлы ойлар болды арманым,
Әйнекке кеп ән айып тұр таңдарым.
Саған жету мүмкін емес білемін,
Саған жетер өлең ғана арнадым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері