Мен сенсіз-жартымын – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Мен сенсіз-жартымын» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен сенсіз-жартымын,
Өксікке тығылып алқымым.
Құшағыңда егілгім келіп тұр,
Езгілеп барады жарты-мұң.
Мен сенсіз-басқамын,
Төбемнен түнеріп аспаным.
Ол менің жанымды жұбатпақ,
Сездірмей көзінде жас барын.
Төгілтіп жауса-шы нөсері,
Жылынсын қара жер төсегі.
Аспанмен астасып арманым,
Кеудемнен шаттығым көшеді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері