Сағынсам да ыстық отқа оранып – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Сағынсам да ыстық отқа оранып» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сағынсам да ыстық отқа оранып,
Кездесе алман, ол - анық.
Екеумізді алыстатып сынаған —
Жер мен Көктей аралық.
Сен жүретін көшеменен, қаладан,
Сенсіз жүріп соқпағымды қалағам.
Бұрылуға, ұғынуға, хақым жоқ,
Жалғыз болсаң, жалғыз жүріп таба алам!
Іздегенде мұң татыған уым боп,
Тіл ұшында күрмелесің жырым боп.
Сен болмаған тағдырымды қайтейін,
Құмырсқадай құным жоқ!
Күнә жайлы, ей, Жарық күн, қозғама,
Күнәм жайлы күбірлесін сөз ғана.
Өмір сүріп кетуіме рұқсат ет,
Сүйіп тұрып, сағынайын... аз ғана!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері