Не болды? – Әнуарбек Дүйсенбиев

Бұл бетте «Не болды?» атты Әнуарбек Дүйсенбиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жылап отыр Майра,
Жылап отыр Оспан.
Құм үстінде Сайра
Оларға «әнін» қосқан.

Жылап отыр Нұрым,
Аянышты халі.
Жылап жатыр бүгін
Балалардың бәрі.

Ал өздері кіл батыр,
Өтті ненің зары?
Жұбата алмай жатыр,
Бәтиманы бәрі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері