Уһ шаршадым! – Әнуарбек Дүйсенбиев

Бұл бетте «Уһ шаршадым!» атты Әнуарбек Дүйсенбиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Уһ, шаршадым, шаршадым!
Талай жұмыс істедім.
Бәрін жедім алшаның,
Сүтті бірақ ішпедім.

Апам кетті базарға
- Келмес апам әзір, - деп,
Су толтырдым қазанға,
- Кір жуамын қазір! – деп.
Көмектеспеу апама
Ақылыма сия ма?
Көйлегін мен алдым да,
Боядым көк сияға.

Шыбындарды қудым да,
Мысықты ұрып, қинадым.
Ыдыстарды жудым да,
Сынықтарын жинадым.

Уһ, шаршадым, шаршадым!
Талай жұмыс істедім.
Бәрін жедім алшаның,
Бармағымды тістедім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері