Емеспін жалғыз – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Емеспін жалғыз» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Емеспін жалғыз,
Жалқымын бірақ,
Жанарға ойдың жалқыны құлап.
Асыл сөз терген күйімді қайтем,
Жарқырамайтын алтыны бірақ.

Ақиқаты жоқ мақтаудың күні,
Аяққа намыс тапталды құры.
Сені де өмір, жалықтырды ма,
Пендеңнің жасап жатқан қылығы.

Далада жауын құйып тұр әлі,
Жел соқты бірақ, ұйытқымады.
Осылай кейде бұлттары көктің,
Нөсер боп жерге тиіп тұрады.

Біздің қыс солай шығарар қылық,
Сағынып жазды тұр, амал құрып.
Қоятынын-ай, ақпанның осы,
Адамды сонша дүдәмал қылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері