Өлең, жыр, ақындар

Көңіл әлемі

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 554
Барлық жерде сендер,
Шашылыңдар көк аспанның төрінде,
Қасиетті адамдар тойдан кетіп,
Көтеріңдер өмірді, бұзып-жарып,
Жетіп алыстағы өңірлерге,
Толтырыңдар әлемді!
Жұлдыздар арасында терлеп-тепшіп,
Жүргендеріңді сендер,
Құдайдың берген түсінде көресіңдер,
Ол жақта қандай шексіз кеңшілік,
Сол кеңістіктер арасында,
Жан-жаққа сәулесі тараған,
Сіздің достарыңыз бірге қосылып тұрар жарқырап.
Ұшып-қонып сендер, алып күшті жұлдыздар,
Сол жоғары көкте кетерсіңдер жоғалып,
Шат-шадыман жолдар, күн мен ғаламшалар,
Жолдарың сендердің де тоғысар,
Жобасыз пайда болған тығылыста,
Ойнап-күліп, керемет істер жасап,
Бар жаратылыстар өлшеулі ұмтылысымен,
Мәңгілік өмір сүрген.
Сендер жылжымалы кеңістікте мырзаланып,
Түрлі-түрлі бас киімдер тігесіңдер,
Сендер тастарға да, кіріп олардың қойнауына,
Мықтап бойын түйесіңдер.
Ұмтылып бәрі де құдіреттімнің күшіменен,
Өздерін жоғары көтерген;
Шаң-тозаңда өмір,
Ұсақ толқынды құнарсыз топырақ ылғалында
Гүлденуге дайын тұр.
Асығыңдар сендер де,
Дымқыл, түнек, қоңырсы иісті
Махаббат күшіменен мүлдем қуыңдар:
Түрлі түсті көркемділігімен
Алыстан жәннәт,
Хош көңілденіп, жанып тұр.
Жарықты көру үшін,
Түсінде көріп еркіндікте жүрген
Барлық тірі жәндіктердің алуан түрлерін;
Бақытты жерде жүрген,
Ең бірінші жұптардай,
Шексіз сендер қуанасыңдар.
Ғашықтардың ынтызар болған
Бір-біріне көзқарасын,
От-шоғы жалындап өшірген.
Мейлі, өмірді бүтіннен үйренсін әрбір жан,
Және де жаңадан –
Қайтадан барсын оған.

1802



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Филина. Үкілі түн

  • 0
  • 0

Маужыраған ұсқынсыз ұзақ түн,
Толықсып ән-жыр, көзге жас толар!
Жоқ, қараңғы түн,
Сұлулық, қуаныш, күлкіге жаратылған.

Толық

Ауысу

  • 0
  • 0

Ну орманда масайрап бір жаттым мен
Құшағымды сілке тастап аштым кең.
Ынтызар боп сұлу маған жабысты,
Күлді, әзілмен кетті ол қыз,— ауысты.

Толық

Лили ерекше аң

  • 0
  • 0

Жер бетінде аңдар арасында
Лилидей ерекше аң болған емес!
Қандай сиқыр-арбаумен
Мұнда жабайы аңдар келіп жиылған?

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер