Бағаламадың – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Бағаламадың» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Әні бар)

Білмеймін,
Күн кешемін қайда барып,
Жанымды ұқпағаның
Айдан анық,
Еріксіз мені өзіңе
Тарта бердің,
Көрінбес сезім жіпке,
Байлап алып.

Қайырмасы:
Бағаламадың, бағаламадың
қарамадың
жанымды, жараладың.

Гүл еккен көңіліме
Көктембісің,
Ұмыту қиын екен,
Өткенді шын.
Жолыңа қарайлаумен
Көзім талды-ай,
Қанаты талып ұшып
Жеткен құсым.

Қайырмасы.

Төгіліп тереземе
Дір етті арай,
Санама кеткен ең ғой,
Түнеп талай.
Жақында жүргеніңмен,
Алыстасың.
Шыдайды бұған енді,
Жүрек қалай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері