Жылт етпей қойды жақсы үміт – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Жылт етпей қойды жақсы үміт» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жылт етпей қойды жақсы үміт,
Есалаң күйден мезі еді ол,
Қатпарын мидың тарсынып,
Санасыз ойды кезеді ол.
Ақылды жеңіп мұң деген,
Арманды кетті ада ғып.
Өзімді өзім күндер ем,
Дұшпанға қойса таба ғып.
Аңсамас едім түкті мен,
Қолымнан келсе саналы іс.
Күндердің бәрі күп-күрең,
Шын күткендердің бәрі алыс.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері