Теледидар төрінде қабақ керіп – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Теледидар төрінде қабақ керіп» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 681
Теледидар төрінде қабақ керіп,
Биліксіздер сұқпаты үкім беріп
Айту керек бұл істі, бүйту керек,
Деп жатқанда отырам күлкім келіп.
Сөзде тұрлау пәтуә жоқта тұрақ,
Бос даурығу не керек ойлар құрап.
Нені қалай шешерін, не істерін
Биліктілер жатпайды бізден сұрап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері