Аршып – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Аршып» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 647
...аршып...
ашқан жоқ едім,
қарсыласқан жоқ едің.
Жағасы еді жайылмалы бұлақтың,
көрдім сені көп ішінде...
...ұнаттым.
...Кең дүнием кетті-ау кенет тарылып —
екеуара бұйырғаны бір-ақ түн!
Қарау ойдан қалжырап,
мен болайын қаңғып өлген Мәжнүн-ақ,
жүрмесің де белгілі еді әу бастан
Ләйлідей еңіреп іздеп, зар жылап.
Көңіл де жоқ өзгерген,
Жерім де жоқ уәде еткен, сөз берген.
...Сен не дейсің, көзкөрген?!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері