Құмырсқа бел, қаз омырау – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Құмырсқа бел, қаз омырау» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1544
Құмырсқа бел, қаз омырау,
Аққу мойын, алма бет қыз,
Жарқылдаған жаз едің-ау
Жана жаздап қалған ек біз.
Көз алдымда жайнап тұрған
Қызықтырып бар бітімің.
Әншейінде сайрап тұрған,
Байланды да қалды тілім.
Ұқсап аққу қанатына
Жарқылдап қап ақ білегің,
Көздің жауын ала тура
Татпай кеткен тәттім едің.
Солқылдаған тал мүсінге,
Таңырқаумен тоқтап еді.
Қаншама сыр қалды ішімде,
Түсіндің бе, жоқ па мені?!

1997 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері