Ұлытаудың бүлдіргені

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 702
Төзген өмір дауылына,
Басшы мені бауырыңа.
...Жетсем екен сағым болған
Бала шақтың ауылына.
Дұға қылып сан атыңды,
Алыстатқам қара түнді.
Дархан дала!
Сен емдеші,
Құзғын қиған қанатымды.
Қаулап қырдың қияқтары,
Көңілімнен күй аққаны...
...Бүтіндеуге келеді ме,
Тұлпарымның тұяқтары?
Қалықтайын, көкте бір күн,
Көркін қара, көктемімнің!
Өзегімнен суырып ал,
Өксік үнін өткенімнің.
Кезетұғын үнім ғарыш,
Құлын кезім...
Құлын-жарыс.
Қаракеңгір, қасқая аққан,
Алып кетші, мұңымды алыс!..
Кәне, мені күлдіргенің?
Бұлдыр-үміт.
Бұлдыр белім.
Кермек-күнге қарсы қоям,
Ұлытаудың бүлдіргенін!..
Төздім тағдыр дауылына,
Басшы мені бауырыңа.
...Кетем ертең ертелетіп,
Аруана-ауылыма!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлытаудың бүлдіргені өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Ұлытаудың бүлдіргені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ұлытаудың бүлдіргені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлытаудың бүлдіргені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері