Сәттерім бар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1120
Кейде
Сезімге ерік беріп,
Көз жасымды алатын төгіп-төгіп,
Арылатын мұңымнан көбік-көбік
Сәттерім бар.
Кейде
Шаттанатын,
Бейдауа тіршіліктен бақ табатын,
Арман қуып алысқа аттанатын
Сәттерім бар.
Кейде
Тарылып мына абат-ғалам,
Ғаламдық тартылыстар тарап маған,
Жанымды шабақтаған
Сәттерім бар.
Кейде
Сырғып аққанда сынап-арман,
Сүрініп жыралардан,
Құдайдан жоқ қайғыны сұрап алған
Сәттерім бар.
Кейде
Көңіл-қалам жазғанда наза-дастан,
Шаттығымды долы жел ала қашқан,
Біле тұрып бәрін де жаза басқан
Сәттерім бар.
Кейде
Құламайтын жерлерде құлайтұғын,
Жыламайтын жерлерде жылайтұғын,
Тағдырды да сынайтұғын
Сәттерім бар.
Кейде
Сол бір жанды жаныма балайтұғын,
Алдануды жаныммен қалайтұғын,
Уәдеден шығуға жарайтұғын
Сәттерім бар.
Кейде
Дауыл болып теңізді тербететін,
Жауын боп селдететін,
Көк тәңірге жүрегін емдететін
Сәттерім бар.
Кейде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәттерім бар өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Сәттерім бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сәттерім бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәттерім бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері