Жетеді!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1022
Жетеді қинағаның!
Мені бақыт балымен сыйла, жаным.
Өзің барда өмірім гүл атқанмен,
Өзің жоқта жоғалтқан сый да мәнін.
Жетеді жылатқаның!
Қасиетін сен де біл, бұл ақ таңның.
Сен болмасаң тарылып мына ғалам,
Сен бар кезде қалады жырақта мұң.
Жетеді өкінгенім!
Жөн болар, сезім, саған бекінгенім.
Сен барда арман қонып айдыныма,
Сен жоқта жалғыз аққу секілді едім.
Жетеді күйінгенім!
(Мен әлі үкілі үміт үйіндемін).
Тек сені тағдырыма баладым мен,
Тек сені баға жетпес сыйым дедім.
Келе ғой, келші маған!
Мен екем, жан-жүрегі ең сірі адам.
Өзегім толғанымен өкінішке,
Махаббат!
Түбі сенен еншімді алам!
Жаратқан жайсыздықтан айырғасын,
Өткенім су түбінде қайырласын.
... Бақыттың әні естілді жағалаудан,
Екеуміз бірге айтайық қайырмасын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетеді! өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Жетеді! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жетеді! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетеді! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері