Түсіме кірдің тағы да – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Түсіме кірдің тағы да» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2016
  • 0
  • 0
  • 10782
Түсіме кірдің тағы да, қарағым!
Бермеді маза жаныма азабың.
Күдерімді үзіп өмірден,
кетсең де жырақ өңімнен,
кетпедің бірақ көңілден.
Ұмытсам деп-ақ бұл жайды тіледім,
басқаға мойын бұрмайды жүрегім.
Шашқандай сәуле бағыма,
нәр беріп мұңды жаныма,
түсіме кірдің тағы да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері