Елу сегіз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1090
Жаһаннамның жойқын суы тасып ед.
58.
Есіңізде бар ма әлі,
Жазықсыздың жанындағы қасірет.
58 – сұм-тағдырдың тұзағы,
Бейбіт күннің шырқын келіп бұзады.
Жарқын өмір тұрғанменен жарқырап,
Басылған жоқ ол жылдардың сызы әлі.
Дала төсін жаралаған сан қабір,
Тарихымның тәніндегі таңба бұл.
58 – бейдауа бап, емі жоқ,
Тартатұғын кінәсі жоқ жан жәбір.
Дүр сілкініп жатты дала, таныс бақ,
Ақберен ұл ақиқаттан қалыс қап.
58 еңіретіп елімді,
Түнек басты тіршілікті қарыштап.
Сол заманның сорын бір сәт ойлашы,
58.
Қасіреттің қоймасы.
Осы баптың аты шықса, сол кезде,
Ағайынның батпайды екен бойға асы...
Жазықсыздар!
Құлағандар жарға олар,
Белгілерің – алаулаған ар болар.
...58!
деп айқайлап қалып ем,
Қарқылдады қорымдағы қарғалар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елу сегіз өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Елу сегіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Елу сегіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елу сегіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері