Сағындың ба деп сұрайсың – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Сағындың ба деп сұрайсың» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сағындың ба, деп сұрайсың сен менен,
Есіңе алып күндеріңді келмеген.
Сұрамашы, сұрақ толы кеудемде,
Барлығына жауап іздеп сенделем.
Сүйесің бе деп сұрайсың сен менен,
Шын сүюге тұра алмайтын пенде ме ең.
Сені қайдам, ал мен өзім өмірдің,
Бар ғажабын бір өзіңе теңгерем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері