Мен бүгін тағы өлтірдім – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Мен бүгін тағы өлтірдім» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен бүгін тағы өлтірдім,
Жерледім ұятты селт етпей.
Көлшігім көзде мөлт етпей.
Көміліп қалған күнәмді,
Қойнына алған жер теппей.
Жын ұрып кеткен тентектей,
Өкініштерім өртеп кей.
Өмірімнің де өзін мен,
Елестетіппін ертектей.
Бір үміттен соң бір үміт,
Бірі өліп, бірі тіріліп.
Ертегі деген елінен,
Еңіреп шықтым бүлініп.
Тас-талқан етті миымды ой,
Айта алмай жүрмін түйінді ой.
Ақымақтығың түк емес,
Ақын боп туған қиын ғой.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері