Ән салшы, Роза – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Ән салшы, Роза» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(әні бар)

Дара халқым қазағымды
Әсем әнге бөлеген,
Сенің жаның сұлу еді,
Тұнық еді не деген.
Әуелеген әндеріңді
сүйіп тыңдап,
Аялап,
Өзіңді елің жарқыраған,
Жұлдызына теңеген.

Қайырмасы:
Ән салшы, Роза,
Бұл өнер ғой, киелі,
Ән салшы, Роза,
Әніңді елің сүйеді.
Ән салшы, Роза,
Розалардың жалғасы.
Ән салшы, Роза,
Бұл Тәңірдің сыйы еді.

Тым биіксің,
Тым асқақсың
Әнің барда, ардағым,
Талай елде
Әнмен аштың
Тарихтардың тармағын,
Паш еттің де өнеріңмен,
Туған елді әлемге,
Шарықтаттың орындалмас
Талайлардың арманын.

Қайырмасы:
Ән салшы, Роза,
Бұл өнер ғой киелі,
Ән салшы, Роза,
Әніңді елің сүйеді.
Ән салшы, Роза,
Розалардың жалғасы.
Ән салшы, Роза,
Бұл Тәңірдің сыйы еді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері