Бұйырмаған бақыт
Бұл бетте «Бұйырмаған бақыт» атты Оразбай Сарыбаев жазған бақыт туралы өлең берілген.
Білмеймін,
Жасқандым ба жүрегіңнен,
Шыға алмай мың түрлі ойдың
Тереңінен.
Ентігіп бара жатыр
Көңіл құрғыр,
Қиын-ау, айтылмаса
Сезім деген.
Жұлқынып,
Бұлқынсам да тынып демім,
Ішімді өртеп барады
Күйік шерім.
Айтқым кеп тұрса-дағы
Ұнатам деп,
Жеңілдім өзімнен мен
Жетпей сенім.
Тағдырға
Жазылар ма сендей теңім?
Ажарың күннен көркем,
Айдан керім.
Сүйдірер бәлкім бір жан
Өзіңдей-ақ,
Бірақ мен сені ғана
Шын сүйемін…
Демеймін,
Жолдарымыз тоғыспаған,
Сонда да
Ғашығымсың бұйырмаған.
Тілерім саған жалғыз
Бақыт қана,
Ал маған сенсіз өмір
Қиындаған…
Амал нешік,
Екенсің бұйырмаған…
Автор: Оразбай Сарыбаев
MAGAN JEKE SHIGA ALASYNBA?
әніңе қатысты, insta: @officialnurboll
маған жекеме шыға аласың ба? әніңе қатысты inst: @officialnurboll