Айнаға

Бұл бетте «Айнаға» атты Оразбай Сарыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қабағын түйген кең дүние,
Сырыңды ішке бүккендей.
Күз болып көңіл сарғайдың,
Қараша желі түрткендей.

Қарадым саған күрсініп,
Қолымнан менің түк келмей...

Бақыттың білмей бағасын,
Қай тұста, құсым, адастың?
Еркіндік үшін жаралған,
Бағыңа кімдер таласты?

Арманға толы жанарың —
Мөлдір бір тұнық көл еді.
Қаталдық дейтін тас әлем
Түнегін саған төгеді.

Тұманды жолың тым алыс,
Көрінбес алдан жарық із.
Үзілген үміт жалғанар,
Қанатсыз қалмас жалғыз құс.

Автор: Оразбай Сарыбаев


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер