Бір ғана қыз бар әлемде – Камал ҰЗАҚ

Бұл бетте «Бір ғана қыз бар әлемде» атты Камал ҰЗАҚ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір ғана қыз бар әлемде,
Шуағын шашып жүретін.
Бір ғана қыз бар әлемде,
Мен үшін өмір сүретін.

Бір ғана қыз бар әлемде,
Тек қана маған сенетін.
Бір ғана қыз бар әлемде,
Өзінен артық көретін.

Бір ғана қыз бар әлемде,
Мен үшін отқа күйетін.
Бір ғана қыз бар әлемде,
Тек қана мені сүйетін.

Ұнатам оны өзімде,
Жанымнан артық көремін.
Сүйкімді сол бір аруға,
Жүректің кілтін беремін.

©Камал ҰЗАҚ


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар