Еділ-Жайық
Бұл бетте «Еділ-Жайық» атты Жұбан Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құлпырады дала, гүлдейді орман,
Емізеді егіз – Еділ мен Жайық.
Ақ шағала айдын, ақталған арман,
Тербеледі кеме, ойнайды қайық.
Қайырмасы :
А-А-А, ағады шалқып,
аққулары қалқып,
Еділ мен Жайық.
Шырқалады әндер, жан-жүрек іңкәр,
Сылқылдайды сұлу Еділ мен Жайық.
Әуелейді адам, самғайды сұңқар,
Шығандарға, шыңға қанатын жайып.
Қайырмасы.
Побратался с лесом,
Мой степной простор,
Не разлучны Волга и седой Урал,
Белокрылых чаек вижу я дозор,
Кружат над волною, улетая вдаль.
А-а-а, этот добрый край,
Пристань лебединых стай,
Волга и Урал!!!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі