Беріктік – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Беріктік» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3189
Айнала тастай түн күңгірт,
Айтып ең маған сен сырды.
Жұлдыздар сөнді, жел жым-жырт,
Ойланып орман тұр мүлгіп,
Айтып ең маған сен сырды.
Жоғалттым жастық жылдарды,
Күз бұлты төніп сұрланды,
Бәрі де көзден ұрланды.
Айтпа деп өзің тапсырған,
Көңілде со бір сыр қалды.
Қызғандым оны дауылдан,
Қызғандым оны ағыннан.
Қызғандым жастан, кәріден,
Қызғандым жұрттың бәрінен.
Өзіңнен шыққан сол сырды
Келемін сақтап әлі мен.
* * *
Тұр ақ қайың түнде де,
Сұңғақ бойын сақтап тік.
Құйылады гүлдерге,
Айдан саулап аппақ сүт.
Ауылдың бір шетінде
Жатыр өзен ұйықтап.
Дірілдейді бетінде
Әлгі аппақ сүт ұйып қап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Беріктік өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Беріктік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Беріктік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Беріктік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері