Өлең, жыр, ақындар

Ана, әке

Мен үшін, әлемде жалғыз бір асыл адам,
Өмір берген, бақ берген, ол менің асыл анам.
Теңдесі жоқ құдірет деп түсінеді,
Мейіріміне елжіреген ақыл санам.

Қымбат дер ем, қымбат тіпті асылдан,
Дара, биік жүрегіме таңба болып басылған.
Бақытсызбын дей алмаймын өзімді,
Ана, мейрімі тұрғанда асатұғын асудан.

Арайланған төгетін нұр жүзіннен,
Шуақтанған сәуле шашқан көзіннен.
Бәріннен де ең негізгі,
Жанашырлық тұнып тұрғандығы өзіннен.

Анашым аман жүрші қасымызда,
Сізсіз ғой біздің барымызда.
Осы дүниеге келуге, сүруге себепші болған,
Сіз үшін әрдайым бұл өмірде қарызбыз да.

Анашым аман жүрші қасымызда,
Бақытты болсаңыз, бар бақыт болады жанымызда.
Аллаһ бар бақытты бұйырсын өзіңізге,
Аллаһ түсірмесін дақ көңіліңізге.

Бұл әлемде мен үшін бір тау бар өте биік,
Бәрін берді, барын берді, өзіннен, дейін өсе жиып.
Арқа сүйеймін тек бір адамға,
Ол менің әкешім, қанатым, ардағым, ақыл берген жамандықтан тиып.

Әкешім аман жүрші қасымызда,
Сізсіз ғой біздің асқар тауымызда.
Осы дүнеге келуге, сүруге себепші болған,
Бақытқой бізге сіздің болуыңыз жанымызда.

Мықты болуға себепші болған,
Сізсіз ғой үйреткен еңбекшіл болуға,
Мықты болсын әрқашан денсаулығыңыз,
Бұйырса көп қой әлі өмірдің бақытын біз бен алуыңыз.

Анашым аман жүрші қасымызда,
Сізсіз ғой түсіндірген өмір жайын жанымызда.
Денсаулығыңыз мықты болсын әрдайым,
Бақытты болуыңызға әрқашан боламыз біз дайын.

Әкешім аман жүрші қасымызда,
Сізсіз ғой үйреткен өмір жайын, жанымызда
Үйреттіңіз оқуды қасиетті құрандыда,
Сол арқылы иманымыз артуда оқу сайын санамызда.

Анашым аман жүрші қасымызда,
Жүз жасаңыз, жүзден ассын жасыңызда.
Өмірде күлімдеп әрқашанда,
Біз үшін болады мақсат Қажылыққа баруыңызда.

Әкешім аман жүрші қасымызда,
Жүз жасаңыз, жүзден ассын жасыңызда.
Ешқашан ауырмай,
Болғайсыз әрқашанда бабыңызда.

Әкешім аман жүрші қасымызда,
Қадірлейміз біз сізді, бағымызда.
Біз үшін болады мақсат,
Қажылыққа бару бақытын алуыңызда.

Анашым аман жүрші қасымызда,
Күш қуат береді әрқашан асыңызда,
Құдды бір болатындай,
Сіз берген, біз алған ерекшелік асымызда

Анашым, Әкешім аман жүрші қасымызда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз