«Бейсен Құранбекке арнау»
Бұл бетте ««Бейсен Құранбекке арнау»» атты Aishagul Meshtay жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сол 71 сыйлады жарық күнді,
Жарқыратты қараңғы, қара түнді,
Құранбектер отбасын толықтырған,
Бейсен болды, халықтың, ұлттың ұлы!
Тәрбие бар, алайда тек те бөлек,
Тектен текке айтылмас терең демек!
Жанысбекті ауылы жақсы көрген,
Молдалықта берілген елден ерек.
Ата болды қамқор жан, әкесіндей,
Өзі өсті, апасы еркесіндей.
Елдің ұлттың алдында ар үшін деп,
Әрбір жанды сүйіпті жерлесіндей.
Балам деді жат демей, қаншасына,
Арқа сүйеп қанша қыз арқасына.
Мәңгі болмыс сыйлады өшпес үні,
Тырысайық сақтауға, жармасуға.
Уәде деген қандай сөз құдіретті!
Шындық десе қамалды жығып өтті.
Қарекетте қазақты асқақтатса,
Айтуға оңай атқарды қызметті!
Бейсен деген қазақтың асқар шыңы,
Қорқуды да білмеген, жасқануды.
49 жыл ғұмыр жете ме екен?!
Қолдан келсе ойлар ем қайтаруды..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі