“Ана жайлы”
Бұл бетте «“Ана жайлы”» атты Aishagul Meshtay жазған ана туралы өлең берілген.
Ана сенің жүрегің неткен жұмсақ!
Бар ойларың ұл қызың, жатсаң-тұрсаң.
Сен беретін махаббат, жылулықты,
Мүмкін емес сағынбай, аңсамасақ!
Бізге бақыт қаладың қашан-дағы,
Армандарың ұмыт боп қалаудағы.
Дүниеде көп арман, бақыт бір-ақ,
Болсаң деймін бізден де бақыттырақ!
Ана сенің күлкіңде үлкен күш бар,
Бар жақсыға лайықсың өмірдегі.
Сені сөгіп сөйлеген өңкей іштар,
Мен білемін мұңыңды көңілдегі.
Өттің үлкен сындардан, сынақтардан,
Бірақ кезің болмады жырақтаған.
Тек сендегі мейірім жетер еді,
Жетімдерге өмірде жырақ қалған!
Сол үшін де өзіңді жақсы көрем,
Бар әлем, көп тағдырды құрап тұрған.
Сенің бейнең көзде емес, жүрегімде,
Берілгенсің сый етіп жаратқанна
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі