“Жаз! Жаз! Қалам жорғалап”

Бұл бетте «“Жаз! Жаз! Қалам жорғалап”» атты Aishagul Meshtay жазған табиғат туралы өлең берілген.

Ақын деген-жұмбақ сыр,
Шабыты келсе тасатын.
Ақын деген-өлең жыр ,
Сырласы еткен қаламын.

Қазақтың ұлы ақыны,
Абайдың сөзі-ақ алтын .
Адамдар жазба қалдырған ,
Бөлшегі болды ғаламның.

Мұқағалидің бар мұңын,
Жамбылдың ұран, жырларын.
Ілияс жазған күйлерді,
Ғажап "сөз" ашты жұмбағын.

Әділетсіздігі айтылған,
Көсемнің, ұлы хандардың.
Сөздер ол-жаршы, батасы,
Келешек күннің, арманның.

Жазушы ақын жазбасын,
Сезсінші зілін, салмағын.
Артыңнан қалар аманат,
Дүние атты жалғанның.

Жаз! Жаз! Қалам жорғалап,
Сөзге сай күтеді сор не бақ.
Әділеттілік пен сезімді,
Байланыстыра алу бұл ғажап!

Жаз! Жаз! Қалам жорғалап,
Жазудың сыры толған бақ.
Терең ой алса торлап ап,
Жазуың болар том парақ.

Сынға да түссең бәйгеге,
Сол жазу сені қорғамақ.
Отанның бүгін, ертеңін,
Білімді ұрпақ ойламақ.

Жаза бер достым, параққа,
Байланыс үзбе қаламнан!
Ақын, жазушы тұлғалар,
Тарихта солай қала алған!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар