Доссор вальсі

Бұл бетте «Доссор вальсі» атты Ілия Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алаулап кеші, жанғанда шамы,
Тамылжып кербез Доссордың маңы.
Жүректі тербеп, толқытар сені,
Мұнайшылардың шырқаған әні.

А-ха-ха-ха-хай,
Кең Доссор!
Кең Доссор-шаттығым!
Есімде жастығым!
Есімде шат күнім!

Жұлдызы жарқын Атырау жері,
Арманы асқақ, мерейлі елі.
Шаттыққа бөлеп Қазақстанды,
Ағылып жатыр мұнайдың селі!

Қ а й ы р м а с ы.

Күн батса дәйім алтындай балқып,
Арулар шықса аққудай қалқып.
Жігіттер жайсаң бастайды думан,
Доссордың ерке вальсі шалқып!

Қ а й ы р м а с ы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері