Автордан
Бұл бетте «Автордан» атты Еркеш Ибраһим жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Əнші сұлу, кеткенің бе тайқақсып,
Кірпіктерің қалды неге айқасып?
Кірпіктерің неге қанат қағады,
Кімменен жүр қапияда шайқасып?
Кірпіктерің ұзын, қара қауырсын,
Жас жаныңа шақыра ма дауыл шын?
Тура қадап қалдың кімнің көзіне?
Дедің бе екен: «Жан-жүрегі ауырсын!»
Кірпігіңді – жапырағын жаныңның
Неге жаңа сонша қалың жамылдың?
Неге жəне желпіндіріп ашасың,
Желбіреген шымылдығын жалынның?
Кірпіктерің ұзын, қою, қара түн,
Елестетті-ау карлығаштың қанатын.
Құштарлықтың қурап тұрған шағында,
Жай оғымен ұштасқандай жан отың.
Жаның əлі шын періште еді ғой,
Басқашалау бүгін бір сыр деді ғой.
Кірпігіңді тура қадап қалғаның,
Аңду болған көздің құртын жеді ғой.
Білесің бе жан сырының жалынын,
Махаббатпен өртеп алма қалыңын.
Жанарыңның əрбір ұшы – нажағай,
Тамызықтай тамылжыған бал үнің.
Албырт сұлу, кірпігіңді байқап аш,
Бұл батылдық соңын күтіп байқамас.
Ақша қарда қыр түлкісі қыранмен
Келіп əлде қалғаны ма тайталас?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі