Көгілдір Көлме
Бұл бетте «Көгілдір Көлме» атты Ілия Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алыстан ән сап,
Жағаңды аңсап.
Келгенде жатсың дір етпей.
Көгілдір Көлме,
Толқышы желге,
Мазасыз соққан жүректей.
Толқының тынып,
Жатырсың тұнық,
Сұлудың мөлдір көзіндей.
Сыры мол түндер,
Жылы мол күндер,
Өткен бе, бәрі сезілмей.
Айдының шалқып,
Аққудай қалқып,
Сайранды салған сол дәурен.
Асатын едім,
Тасатын едім,
Күн болып күлсе жан сәулем.
Осының бәрі,
Жадымда әлі,
Телегей теңіз сезімдей.
Толқышы Көлме,
Толқиын мен де,
Дариға, жастық кезімдей!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі