Шолпан жұлдыз
Бұл бетте «Шолпан жұлдыз» атты Ілия Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шолпан жұлдыз жайнаған жаздың түні,
Бұлбұлдардың тамылжып салған үні.
Тәтті қиял тербетіп мөлдірейді,
Ер жігіттің қасында Ай мен Күні.
Қапияда кез болып танысқалы,
Арман, тілек жалғасып, табысқалы.
Басылмайды ынтығы, таң да қысқа,
Шолпан жұлдыз тағы да алыстады.
Қала берді, жайқалған таныс бағы,
Қала берді, дариға-ай, қимас шағы.
Таң атқанмен келеді тағы бір түн,
Шолпан жұлдыз жарқырап алыстады.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі