Жәмиланың әні

Бұл бетте «Жәмиланың әні» атты Жаппар Өмірбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қияда өскен бір шынар,
Гүлдемесе қайтер едің.
Сүйсінген жан мың сынар,
Үндемесе қайтер едің?
Сен сынадың,
Мен шыдадым,
Құдіреттім, ынтызарым,
Даниярым жүректім!
Ойлай – ойлай күн өтті,
Көрген сайын табындырдың.
Асау албырт жүректі,
Аяладың, бағындырдың.
Елжіреттің,
Еркелеттің,
Ақ дидарлы мейірбандым,
Даниярым жан жарым.
Бақыт қайда, ей, құрбым,
Жан – жүрегің сүйген жарда.
Бір сенімен ғұмырым,
Бірге өтсе арман бар ма?
Ардақтаған,
Арнап саған,
Айттым тілек, жан қиярым,
Даниярым думан


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері