Асығым

Бұл бетте «Асығым» атты Жаппар Өмірбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алшы тұрсаң – қуандым,
Тәйке тұрсаң – құп алдым.
Бүге тұрсаң – кешірдім,
Шіге тұрсаң – өкіндім
Оңқайыңды таңдадым,
Сақалыққа сайладым.
Қорғасынды балқытып,
Ақ қаймақтай қалқыты
Құйдым сақа салмақты.
Ыңғайлап ап бармақты
Көрдім дағы иіріп,
Тұрдым көздеп шиырып,
Қатар-қатар кенейді
Атып қап ем мен енді:
Ұшып түсті дәл тиіп,
Тұрды барып тәупиіп!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері