Жаппар Өмірбеков

Жаппар Өмірбеков туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Жаппар Ералыұлы Өмірбеков (20 қараша 1920 жыл, Бесоба, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы – 3 мамыр 2010 жыл, Алматы) — кеңес және қазақ ақыны, балалар жазушысы, прозашы, аудармашы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Лақап аты — Жәкен Ералин.

Тырнақалды жырлары баспасөзде 1938 жылдан бастап жарияланады. Өлеңдері мен поэмалары «Невеста героя» (СП, 1960), «Про тетю Аню» (Казгослитиздат, 1960), «Голубинный свет» (1970) деген атпен орыс тілінде жеке кітап болып басылып шықты.

Джордж Байрон, Пушкин, Лермонтов, Мацкевич, Некрасов, Маяковский, Исаковский, С.Михалков, С.Маршал А.Барто, т.б. аударуға қатысты. Қырғыздың «Манасынан» «Семетейдің еліне қайтуы» деген үлкен бөлімін, В.Кавериннің «Екі капитан» (Екінші кітабы), В.Богомоловтың «Қырық төрттің тамызы», Г.Лонгфеллоның «Гайавата туралы жыр» поэмасын, тағы басқа туындылар ды қазақ тіліне аударды.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері