Бибіжан
Бұл бетте «Бибіжан» атты Ілия Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Ай тусын» деші қорғалап,
Тауларды тербеп құс үні сорғалап.
Бибіжан, саған жетермін,
Гүлсары атым астымда жорғалап.
А-А-Ай, Бибіжан,
Барады, сәулем, күйіп жан,
Барады, сәулем, күйіп жан!
Жұпарың дала гүліндей ,
Лебізің тәтті бұлбұлдың үніндей.
Аққан бір жұлдыз секілді,
Өтеді дәурен, Бибіжан, білінбей.
Қ а й ы р м а с ы :
Ұзақ жол қалды артымда,
Гүлсары атым, сілтей бер, тартынба.
Сүюдің барқын кім білген,
Бибіжан, сәулем, ойна да жарқылда!
Қ а й ы р м а с ы :
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі