Сен жайлы ойласам
Бұл бетте «Сен жайлы ойласам» атты Мақпал Рахатқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен жайлы ойласам,
Әрі көлеңке әрі нұр!
Сайтанға біткен сағыныш,
Періштелерге бәрібір!
Сен жайлы ойласам,
Жап-жарық жұлдыз, тұнық Ай
Жаралы болған жүрек пен
Жартаста қалған жырым-ай!
Сен жайлы ойласам,
Жүректің тыншыр сәті кем!
Бақыттың балын татып ем,
Сағынышымның хатымен!
Сен жайлы ойласам,
Жалғандық және ақ-қара!
Өмірдің өзі қуаныш,
Оралмай кеткен бақ қана!
Сен жайлы ойлар,
Мазаламасын ешкімді
Жазалағасын сезімді,
Келмеске кеткен кескінді!
Сен жайында мен,
Сырға да қоспай ақ адал
Мұңға да қоспай мұнартқан,
Жырыма қостым оралар!
Жырыма қостым оралар!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі