Мектеп – біздің анамыз
Бұл бетте «Мектеп – біздің анамыз» атты Өтебай Тұрманжанов жазған білім туралы өлең берілген.
Күзге сүйеп күн иек,
Болып қапты қыркүйек.
Қырманды жұрт алыпты,
Дәнге батып қалыпты.
Жемістер де пісіпті,
Жерге үзіліп түсіпті.
Шөп буыны қатыпты,
Шөмелені ел тасыпты.
Межелі кез болыпты,
Мектеп есік ашыпты,
Күн сәулесін шашыпты.
Мектебін аңсап, сағынып,
Балалар келер ағылып.
Ашылған гүлдей арайлы,
Көшенің бәрі қарайды.
Ықылас, ынта раймен,
Ерекше жарқын шыраймен,
Жүздері жайнап қуанып,
Шоқ-шоқ қызыл гүл алып,
Мектебіне келеді.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі