«Көк базар»
Бұл бетте ««Көк базар»» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өшiп-жанған жарықты көрiп алдан,
Жүрушi едi кеудемде толып арман...
Сол арманның елесiн көкке ұшырып,
Көкiрегiме «Көк базар» қонып алған.
Шамам жоқта,
Ауруға шарам кемде:
Асқына түс!
Жазылма!
Жарам, меңде!
Балдай тәттi жемiсi удай қымбат
«Көк базарға» айналып барам мен де!
«Көк базарға» айналған мен ғана ма?
Iшiнде оның тар қала, кең дала да!
Жең ұшынан жалғасқан жебiрлерге
Жеңсiк асы ананың ем бола ма?!
Арман, қиял...
Болғалы аяқасты,
Қамсыз, мұңсыз көрiп ең қай алашты?
Көңiл күнде жерiп жүр тiршiлiктен,
Көзiм күнде көрiп жүр аямасты.
Аямастың қолында тақ та, бақ та,
Тәнiн, жанын бұлдаған ақтамақ та...
«Көк базардың» көкесi – азғын тобыр
Тағдырымды таялды таптамаққа!
Таптал, Өлең!
Таптал, Ән!
Таптал, Мұра!
Сен де аяқтың астында жат, Домбыра!
Мен қалайын аңырап,
О дүниеге
Арымды да барымды аттандыра!..
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі