Аппақ айдың бетiн бұлт
Бұл бетте «Аппақ айдың бетiн бұлт» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аппақ айдың бетiн бұлт
Айғыздады сүртем деп.
Көктей солған Жетiмдiк
Көшеде жүр бүрсеңдеп.
Жанарына жас тұна
Жәутеңдейдi, қарашы?
Қара жердiң астына
Түсiп кеткен анасы...
Бұл өмiрде мән жоғын
Бiлмейтiнi – қатесi.
Iбiлiстiң зәмзәмiн
Iшiп кеткен әкесi...
Көкжиекке көше ме
Көкте шебiн құрған бұлт?
Маңырап жүр көшеде
«Ақсақ тоқты – құрмалдық».
Көгерер ме көсеге
Көкiрекке қона сап?
...Қаңғырып жүр көшеде
Қарасирақ – Болашақ...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі