Ядвига – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ядвига» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1856
Көздерінен өзгенің,
Сенің көкшіл көздерің.
Айырықша тым өткір,
Белорустың аспаны,
Белорустың орманы,
Белорустың өзені
Сол көздерге түнеп тұр.
Үйірілген толқындай,
Көк көйлегің кестелі.
Тарттың жайдың отындай
Артық айтсам кеш мені.
Сипап өтер шашыңды
Болар ма едім кеш желі,
Ядвига! Кеш мені.
Құл-күң етіп қорлауға
Жау тигенде жалақтап,
Жүрдің қалың орманда,
Қолға қару-жарақты ап.
Қатал етті қан майдан
Сендей қызды жаны аппақ.
Ядвига атыңнан
Шошынды жау алақтап.
Ядвига — батыл жан,
Ядвига — партизан.
Ядвига, ақынмын,
Бауырыма тартамын,
Қарындасын Якубтың,
Қарындасын Янканың.
Аралаймын өзіңмен,
Белорустың алқабын.
Түсіп орман жолына,
Бір жүремін қатып түн.
Кілтін бердім қолына
Мендегі бар уақыттың.
Ядвига!
Жүреміз
Ертең ерте Неманға.
Ессін шаттық желі алда.
Ядвига!
Жүреміз
Ертең ерте Неманға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ядвига өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ядвига өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ядвига өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ядвига өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері