Долы бұлт
Бұл бетте «Долы бұлт» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Суырып көкте қылышын,
Нөсерлі қара төнді бұлт.
Тарылтып жердің тынысын,
Тапа-тал түсте болдым ымырт.
Өрістен қашты төрт түлік,
Асыға үйге енді жұрт...
Салатындай бір бүлік,
Ақырды жерге долы бұлт.
Күйзелді келіп, күңіренді,
Аласұрды аспанда.
Шуылдап аймақ тебіренді,
Жалынын жерге шашқанда...
Жіберді жылап долы бұлт,
Төгілді жерге көк нөсер...
Өтті де кетті, болды ұмыт,
Жадырап жайнап күлді жер.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі