Ұйқысыздық
Бұл бетте «Ұйқысыздық» атты Зейнолла Шүкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Болар ма жылдай ұзақ түн де мұндай,
Түн кімге қас қаққандай, кімге жылдай.
Жатырмын көз жұмулы, көңіл ояу,
Мең-зең күй әлдилейді бір қоңыр жай.
Күнәдан жаның бір сәт тазарғандай,
Мен сонда рахат табам азарланбай.
Тербейді қайда тәтті ләззат күйі,
Мұң салып ұйқысыз түн мазамды алмай.
Табысып алдап кеткен жан жарыммен,
Мың құштым, аймаладым, талмадым мен...
Айт маған, неге мұнша зарықтырдың,
Аңсаған талай жылғы арманым ең...
Сол ыстық ләззат күйі талдырар ма,
Күтіп тұр қараңғысы таңның алда.
Енді тек тәтті-тәтті түс көресің,
Таң ата талып барып қалғығанда...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі